Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
ИММУНИТЕТ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЗЕРТХАНАСЫ -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

ИММУНИТЕТ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЗЕРТХАНАСЫ


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

ИММУНИТЕТ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЗЕРТХАНАСЫ

Иммунитет және өсімдіктерді қорғау зертханасы ҚазЕжӨШҒЗИ жанынан 1973 жылы мына мәселелерді шешу үшін құрылды:

Тұрақты сортүлгілерді жинау, зерттеу, сақтау, анықтау және іріктеу:  а) әлемдік коллекциядан;  б) селекциялық материалдан.

Тұрақтылық көздерін іздеу. Тұрақтылық донорларын жасау.

Иммунитетке селекция үшін бастапқы материалды іріктеу және жасау.

ҒЗЖ нысандары. Жасанды-инфекциялық ая, күздік, жаздық бидай, арпа, жүгері, қытайбұршақ, тат түрлері, қаракүйе, тамыр шіріктері, фитофагтар, сорттарды бағалау.

Зертхана жетекшілері :

П.М. Жұмабаев– 1973-1975 жж.;
Н.Ф. Писарева– 1976-1982 жж.;
А.Т. Сарбаев–  1982 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін.

Sarbaev_AА.Т. Сарбаев, зертхана меңгерушісі, а.ш.ғ. д.

 Зертхана құрамы:   ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы – А.Т.Сарбаев, магистр – А.А. Ыдырыс, кіші ғылыми қызметкер – Е.С. Жасақпаев және зертханашылар   –  Б.К. Бұралқиева және А.Р.Өміртаева.

immunitet

Ғылыми қызметтің негізгі бағыттары:

Бидай, арпа және басқа да ауылшаруашылық дақылдарының саңырауқұлақ ауруларына және зиянкестерге иммунитеті: тұрақтылық селекциясы (жасанды-инфекциялық аяда бағалау және іріктеу).

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жағдайларда дәнді дақылдарды аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден біріктірілген қорғауды жетілдіру.

Зертхана жетістіктері 

1973-1981 жж. дәнді және малазықтық дақылдарының зиянкестерімен күрес шаралары әзірленді (Д.П. Александров,  Е.А. Александрова, 1973);

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында сары таттың жайылу заңдылығы орнатылды.  (Ю.Д. Зейналова 1972);

Инокуляция әдістері жетілдірілді  (П.М. Жұмабаев Н.Ф. Писарева,  А.Д. Жанұзақов, Ю.Д.Зейналова, С.И. Байракимов, Г.Н.Абдулаханова, А.Е. Вальтер, А.С. Жанғазиев, Б.С. Пшаева, Р.Сәрсекеева, Л.Шаменова, А.Елгандиева және басқалар, 1973-1981 жж.);

Бидайдың жасалып жатқан агроэкотиптерінің модельдері мен иммунологиялық параметрлері айқындалды, аймақтар бойынша топтық тұрақтылық селекциясының бағыттары түзетілді (А.Т.Сарбаев, 1985, 2000);

Инфекциялық аяда сары, қоңыр және сабақтық татқа кешендік түрде тұрақты 180 сортүлгі іріктелді.  Татқа тұрақты мутанттық тізбектер алынды, күздік бидай селекциясы үшін бастапқы материал жасалды, белгілер генетикасы зерттелді. Сары және сабақтық тат қоздырғыштарының   биологиялық ерекшеліктері нақтыланды.  Бидайдың сары татты жұқтыруының әдістері жетілдірілді;

Селекционерлермен бірлесіп және зертхананың қатысуымен күздік бидайдың жаңа 14 сорты, 10 – жаздық сорты, арпаның – 5;   жүгерінің – 4,  құмайжүгерінің – 3, қытайбұршақтың – 2 сорты жасалды;

Әлемдік және жергілікті коллекцияның 130 мыңнан астам сортүлгілерінің иммунологиялық қасиеттері мен параметрлері анықталды;

1253 нөмірден белгілік коллекция қалыптастырылды;

Селекционерлерге берілген 2,5 мыңнан астам тізбек жасалды: гендік қорды қалыптастыру үшін – 46 изогендік тізбек, селекциялық пайдалану үшін – 289 үлгі; селекциялық процесстің соңғы деңгейлерінде үлкен селекциялық тәлімбақтарда сынау үшін – 186 сортүлгі.

Өсімдіктерді қорғау жөнінде 4 ұсыныс, ортаның биотикалық фаторларына резистентті сортүлгілері бойынша 2 каталог жарияланды.

Зертханамен көрсетілетін қызметтер 

Резистентті формаларды бағалау мен іріктеу және оларды әрі қарай жетілдіру үшін селекционерлерге беру;

Өсімдіктерді қорғаудың жаңа амалдарын сынау: қорғау іс-шараларының  биологиялық және шаруашылық нәтижелілігін анықтау;  тұқым шаруашылығы егістіктерінде әрбір өңделген алқаптан қосымша 2-3 ц. өнім алынды.

Карантиндік нысандарды анықтау: әлемнің түрлі елдерінен әкелінетін танаптық дақылдардың тұқымдарын топырақтық және зертханалық тексеруден өткізу.

Селекциялық тәжірибеге шығу жүзеге асырылуда:

  • тұрақты формалардың арнайы тәлімбағын қалыптастыру;
  • резистенттіктің генетикалық сипатталған көздерін селекциялық пайдалануды қамтамасыз ету;  аурулар мен зиянкестерге кешеді түрде тұрақты формаларды іздеу және анықтау; белгілік коллекцияны жинау және қалыптастыру;
  • жаңа бастапқы генетикалық материалды жасау;
  • сезгіштік емес көздер мен донорларды іріктеу;
  • тат қоздырғыштары популяциясының биотипті құрамындағы өзгерістерді есепке ала отырып, инфекциялық  (инвазиондық) аяда іріктеу;
  • фитосанитариялық іс-шаралар бойынша қызметтер.

Халықаралық әріптестік

  • ИКАРДА (Сирия), СИММИТ (Мексика) селекциялық орталықтарымен  және  БжБМҒЗИ-мен (Отар) бірлесіп жүргізілуде:
  • патоген популяциясы құрылымының скринингі және мониторингі;
  • бидай коллекциясын толықтыру;
  • резистенттік формаларды бағалау және іріктеу;
  • ақпаратпен, құнды ақпаратпен алмасу;
  • ұзақ уақытқа тұрақты сорттарды жасау жалғасуда, бір сортта жинау – 4-5 кішкене ген.
  • Жапония, Германия, Швейцария, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресейде өндірілген жаңа 46 препарат сыналды.

 Байланыс мәліметтері

А.Т. Сарбаев– зертхана меңгерушісі, а.ш.ғ.д.
Ж/т.: 8(72771)55-118;
Ұ.т.: 8-777-280-05-28;
E-mail:kizamans2@mail.ru