Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
ДӘНДІБҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ БӨЛІМІ -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

ДӘНДІБҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ БӨЛІМІ


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

ДӘНДІБҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ БӨЛІМІ

Дәндібұршақ дақылдарының селекциясы және агротехникасы бөлімі 1962 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары У.А.Акилов пен Ю.Г.Карягиннің жетекшілігімен құрылды.

Бөлім жетекшілері:

У.А. Акилов – 1962-1970 жж.
Ю.Г. Карягин -1972-1990 жж.
И.А. Нұрпейісов– 1991 – 1994 жж
Б.М. Жанысбаев– 1995-2007 жж.
Г.Т. Мейірман– 2008 -2012 жж.
М.С. Кұдайбергенов с 2013 ж. – қазіргі уақытқа дейін.

Бөлімнің жетекші ғалымдары: В.П.Паншина, Г.Д.Ивашкина, Н.Культиасов, В.Н.Лущаков, М.С.Кұдайбергенов, С.В.Дидоренко

Kudaibergenov_MМ.С.Құдайбергенов, дәнді бұршақ дақылдары бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.д.

Бөлімнің ғылыми қызметінің бағыттары 

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС 042 бағдарламасы аясында 2012-2014 жж.   «Селекцияның дәстүрлі және қазіргі заманғы әдістері мен қор үнемдеуші жоғары нәтижелі технологияларды жетілдіру негізінде майлы дақылдардың өнімділігін жоғарылату» жобасының үйлестірушісі болып табылады.  Берілген жоба бойынша келесі зерттеулер жасалуда:

Түрлі селекциялық бағыттарға арналған дәнді бұршақ дақылдарының шаруашылық-биологиялық белгілерінің көздері мен донорларының белгілік коллекциясын жасау (ҚазЕжӨШҒЗИ базасында жасалады).

Қазақстан Республикасының түрлі топырақтық-климаттық аймақтарына бейімделген жоғары генетикалық әлеуетімен қытайбұршақ сорттарын жасау  (ҚазЕжӨШҒЗИ базасында жасалады).

ҚР солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтары үшін ноқаттың жоғары өнімді және бәсекеге қабілетті сорттарын жасау (ҚазЕжӨШҒЗИ базасында жасалады).

Қытайбұршақтың отандық және шетелдік сорттарын экологиялық сортсынау (ҚазЕжӨШҒЗИ базасында жасалады).

Солтүстік және Шығыс Қазақстанның топырақтық-климаттық жағдайларына бейімделген қытайбұршақтың тез пісетін сорттарының селекциясы (ШҚАШҒЗИ-мен бірлесіп).

Қазақстан Республикасының солтүстік облыстары үшін тез пісетін, суыққа төзімді және жоғары өнімді сорттарын агроэкологиялық бағалау (Қостанай АШҒЗИ бірлесіп).

Отандық және шетелдік селекцияның майлы дақылдарының будандары мен сорттарын экологиялық сынау (Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-мен бірлесіп).

Негізгі жетістіктер

Бөліммен әзірленді және өндіріске енгізілді:  қытайбұршақтың аймақтық себу технологиясы; тұқымдарды нитрогиндеу тәсілдері; минералдық тыңайтқыштар дозаларын есептеумен ҚР түрлі аймақтары үшін дәндік және азықтық бағыттардағы сорттардың модельдері; ризобактериялар штаммдарының нәтижелілігі мен вируленттігін анықтау тәсілдері; қытайбұршақты будандастырудың нәтижелі технологиясы;

Дәндібұршақ дақылдарының 28 сорты жасалды, олардың ішінде қытайбұршақтың 9 сорты, бұршақтың 2 сорты, ноқаттың 2 сорты, ноғатықтың 2 сорты ҚР-да өндірісте пайдалануға рұқсат етілген;

Селекциялық жетістіктер мен өнертабысқа патентке 28 тапсырыс берілді, олардың ішінде 4 патент және қытайбұршақтың сортына 1 алдын ала патент алынды.

ҚазЕжӨШҒЗИ-да жасалған дәнді бұршақ дақылдарының пайдалануға жіберілген сорттары

Сорт Авторлары Рұқсат етілген облыстар
Қытайбұршақ
Казахстанская 2309 Ю.Г. Карягин,
А.Т. Бойко, М.Ф.Попандопуло, В.И.Молотков.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда
Мисула 1092 Ю.Г. Карягин,
А.Т. Бойко,
А.А.Бойко, М.Ф.Попандопуло, В.И.Молотков.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
Жалпаксай Б.М.Жанысбаев, Ю.Г.Карягин,
В.Н. Колот,
В.В. Колот,
В.А.Михайлов
Алматы, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан
Эврика 357 Ю.Г. Карягин,
А.Т. Бойко, М.Ф.Попандопуло, В.И.Молотков.
Алматы, Жамбыл
Алматы Карягин Ю.Г., Жанысбаев Б.М. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
Вита Ю.Г. Карягин, Б.М.Жанысбаев. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары
Ласточка Ю.Г. Карягин, Б.М.Жанысбаев. Алматы, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстары
Радость Ю.Г. Карягин, Б.М.Жанысбаев. Алматы, Жамбыл
Жансая Ю.Г. Карягин,
С.В. Дидоренко,
Р.К. Үмбеталиева, Ж.Н.Бекжанов, А.М.Бакиев.
Алматы
Перизат Ю.Г. Карягин,
С.В. Дидоренко,
М.С. Құдайбергенов, Р.А. Оразалиев,
С.Б. Рамазанова.
Алматы
Бұршақ
Усач Казахстанский 871 Ю.Г. Карягин
Г.Д. Ивашкина А.М.Шевченко
Қостанай, Алматы, Восточно-Казхстанская
Шал Ю.Г.Карягин, А.М.Шевченко, Р.А.Оразалиев, Б.М.Жанысбаев Қостанай, Алматы, Восточно-Казхстанская
Ноқат
Камила 1255 Ю.Г.Карягин,
Б.М.Жанысбаев, Р.А.Оразалиев
Қостанай, Алматы, Жамбыл
Икарда 1 Мальхотра, Б.М.Жанысбаев, Ю.Г.Карягин,
Ерискин, Р.А.Оразалиев.
Қостанай, Алматы, Жамбыл
Ноғатық
Али Бар Б.М.Жанысбаев,
Али Ельмонейн, Шевцов,
Ю.Г.Карягин, Р.А.Оразалиев.
Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан

 

Бөліммен ұсынылатын қызметтер

1. Тұқымдық материал

Қытайбұршақтың элиталық тұқымы   – 10 сорт
Аңқаның элиталық тұқымы – 2 сорт
Бұршақтың элиталық тұқымы – 2 сорт
Ноғатықтың элиталық тұқымы  -  1 сорт

2. Консультациялар

Дәндібұршақ дақылдарын себу технологиялары
«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС сорттарының артықшылықтары және оларды себу аймақтары
Дәндібұршақ дақылдарын себудің технологиялық картасы

Халықаралық Ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастық

  • Ресей – Н.И.Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институты
  • Ресей –  Пустовойт атындағы Бүкілресейлік майлы дақылдар институты
  • Ресей  - Сібір жемшөп ғылыми-зерттеу институты
  • Украина –  Юрьев атындағы өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Украина – Қытайбұршақ институты
  • Белорусия – «Соя Север» корпорациясы

Бөлімнің байланыс мәліметтері

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ а., Ерлепесов к., 1. 
Тел. 8 (727) 3883925

Дәндібұршақ дақылдары бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.д.
Кұдайбергенов Мұхтар Сәрсенбекұлы
8 701 71-42-500

Дәндібұршақ дақылдары бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к.
Дидоренко Светлана Владимировна
8 777 39-16-108

Дәндібұршақ дақылдарының тұқым шаруашылығына жауапты
Үмбеталиева Роза Кенжебайқызы
8 777 69-21-065