Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕК ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕК ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕК ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ

Минералдық қорек және агроэкология бөлімі  2008 жылы 3 бөлімнің негізінде құрылды:

  • Агрохимия бөлімі;
  • Топырақтану және топырақ агроэкологиясы бөлімі;
  • Қант қызылшасы бөлімі.

фото

Минералдық қорек және агроэкология бөлімінің меңгерушісі 
Е.Т. Сүлейменов, а.ш.ғ.канд.

Агрохимия зертханасы
Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру кезінде оның құрамында агротопырақтану, тыңайтқыштар және мелиорация бөлімі құрылды.

Мақсаты: Топырақтың қорек режимін зерттеу, топырақ пен өсімдіктердің агрохимиялық талдауын жасау. Негізгі ауылшаруашылық дақылдарына тыңайтқыштарды нәтижелі пайдалану және қолдануды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, сонымен қатар, суару жағдайында органикалық және минералдық тыңайтқыштардың нәтижелілігін салыстырмалы түрде зерттеу.

Зертхана жетекшілері:

А.Г. Щерба– 1934-1936 жж
И.И.Синягин  -1936-1945 жж.
К.И. Иманғазиев -1945-1952 ;  1957-1968 жж;
А.Т.Понамарева -1952-1957 жж;
Б.С.Бәсібеков 1971-1988 жж;
С.Б. Рамазанова -1988-2008 жж.
Е.Т. Сүлейменов  –   2008 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін.

Бөлімнің жетекші ғалымдары:  Р.С.Жүнісов, К.С.Сатмағамбетов, О.Б.Торшина, З.И.Шлавицкая, М.И.Потахов, В.Н.Гусев, А.К.Үмбетов, Б.В.Сүлейменов, Г.Ш.Баймағанова.

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары  

Бөлімде жасалатын зерттеулер ауылшаруашылық дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін минералдық қорек жағдайларын оңтайландыруға, топырақ құнарлығын сақтауға және арттыруға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған.

Күздік бидайға, жүгеріге, бидайға, қытайбұршаққа, қант қызылшасына тыңайтқыштарды қолдану жүйесін әзірлеу және жетілдіру;

Топырақ құнарлығын арттыру, егіншіліктің өнімділігі мен тұрақтылығын жоғарылату мақсатында тыңайтқыштардың көмегімен топырақтың негізгі агрохимиялық көрсеткіштерін реттеудің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру;

Тыңайтқыштарды пайдалану және пайдаланбау кезінде топырақ құнарлығының көрсеткіштерінің өзгеру тереңдігін, жылдамдығын, бағытын зерттеу;

Изотопты индикация әдісін пайдаланумен азотты тыңайтқыштарды қолдану жүйесін жетілдіру;

Жедел өсу және топырақтық диагностика негізінде өнім сапасын жақсарту, дақылдардың өнімділігін, тыңайтқыштардың нәтижелілігін арттыру мақсатында дәнді дақылдар мен қант қызылшасына қосымша қоректендіруді жүргізу;

Суармалы жерлердің агроэкологиялық мониторингін жүргізу.

Негізгі жетістіктері

  • Қызылшаның негізгі ауылшаруашылық дақылдарына тыңайтқыштарды қолдану бойынша ұсыныстар әзірленді;
  • Тыңайтқыштармен ұзақ сынақтар жасау негізінде, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлердің агроэкологиялық мониторингі жүргізілді;
  • Изотопты индикация әдісінің көмегімен республикамызда алғаш рет  тыңайтқыштар азотын пайдаланудың дәл коэффициенттері орнатылды.
  • Өнімділіктің түрлі деңгейлері үшін торырақ пен өсімдіктерде негізгі элементтердің құрамының оңтайлы көрсеткіштері орнатылды, оларға қол жеткізу үшін тыңайтқыштар шығынының нормативтері жасалды.

 Зертханамен ұсынылатын қызметтер 

  • Бөлім ғалымдары  келесі қызметтерді көрсете алады:
  • Түрлі ауылшаруашылық құрылымдарының топырағын агрохимиялық тексеруден өткізу;
  • Минералдық қоректің жедел диагностикасы негізінде азот тыңайтқыштарын қосымша қорек ретінде нәтижелі пайдалану бойынша әдістемелік және консультациялық көмек;
  • Өнім сапасы, топырақты негізгі қорек элементтерімен қамтамасыз ету бойынша талдау жасау;
  • Өсімдік шаруашылығының өнімін, топырақтың экологиялық жағдайын бағалау.

 Халықаралық әріптестік

2001-2006 жылдары бөлім Құрғақ аймақтарда ауылшаруашылық зерттеулерін жүргізу бойынша Халықаралық орталықпен (ИКАРДА) бірлесіп жұмыс жасады.   Осы жоба аясында «Фермерлік шаруашылықтарда ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақ құнарлығын сақтау» жөнінде  ұсынымдар әзірленді   (Алматы, 2005).

2007 жылдан бастап бөлім «АГРОЭКОЛАС» агрохимиктер мен экологтардың халықаралық ұйымымен бірлесіп жұмыс  жасауда, оның негізгі мақсаты – тыңайтқыштармен сынақтардың географиялық  жүйесінде мемлекетаралық агрохимиялық зерттеулерді дамыту.

Байланыс мәліметтері

8 (727) 388-39-25, 8 (72771) 5-31-30 (ішкі 124)

8 701 728 51 90, 8 777 230 36 36.

 

Топырақтану және топырақ агроэкологиясы зертханасы  

 Агротопырақтану бөлімі институтта 1934 жылы құрылды.

Мақсаты: республиканың топырақтық жабынының географиясын, топырақтың генетикалық, агрохимиялық және агрономиялық қасиеттерін зерттеу.  Егіншілікке пайдалануға байланысты топырақ құнарлығының өзгеруін зерттеу, оны нәтижелі реттеудің  амалдары мен тәсілдерін әзірлеу, егістіктің өнімділігін арттыру үшін топырақтың экологиялық жағдайын, негізгі қасиеттері мен режимдерін жақсарту.

Руководители отдела

 С.П. Матусевич– 1934-1964 жж.
К.А. Байытқанов  -1964 -1965 жж.
М.И.-Рубинштейн 1965-1968  жж.; 1970-1982жж.
Ю.В. Федорин-1968-1969 жж.
А.И. Иорганский  -1982-1997 жж.; 2000-2002 жж.; 2006-2007 жж.

Бөлімнің жетекші ғалымдары: В.Ф.Дороган, И.А.Безполуденов, Б.К.Боранғазиев, А.Ф.Родомакин, Н.П.Токарева, З.Ф.Теплякова, А.К.Күрішбаев, С.Б.Кененбаев,  А.С.Мыханов , Ю.Ф.Калягина, И.А.Титова, Н.А.Иорганская.

Негізгі жетістіктері

Республикамызда алғаш рет Қазақстанның топырақтық және геоботаникалық жиынтық карталары жасалды және шығарылды;

Республиканың оңтүстік-шығысындағы тәлімі және суармалы топырақтарында және шығыс пен батыс аймақтардағы суарылмайтын топырақта қарашірік қорының азаюының сандық көрсеткіштері анықталды, сонымен қатар оны көбейту мен топырақтың агрофизикалық қасиеттерін жақсарту тәсілдері әзірленді;

Батыс Қазақстанның сазды топырақты сортаңдарының мелиоративті жағдайын жақсарту тәсілдері және Қазақстанның оңтүстік-шығысының малтатасты жерлерін игерудің әдістері әзірленді;

Тянь-Шань тауының Қазақстандағы бөлігінің тәлімі топырағының құнарлығын арттыру және су эрозиясынан қорғаудың амалдары мен тәсілдері жасалды.

Зертханамен ұсынылатын қызметтер 

Танаптардың топырақ картасын жасау және егістікті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар беру;

Өсімдік шаруашылығы өнімін және топырақтың экологиялық жағдайын бағалау (ауыр металдармен, нитраттармен ластануы).

Қант қызылшасы зертханасы 

1934-1959 жж. институт құрамында техникалық дақылдар және күріш бөлімі ұйымдастырылды. 1959-1995 жж. бөлімде екі зертхана болды: қант қызылшасы агротехникасының зертханасы және қант қызылшасы селекциясы мен тұқым шаруашылығы зертханасы. 1997 жылы және қант қызылшасы селекциясы мен тұқым шаруашылығы зертханасы ҚазЕжӨШҒЗИ-нің Талдықорған филиалының құрамына берілді.

Мақсаты: Қызылша өсіретін аудандар үшін қант қызылшасының жоғары және тұрақты өнімін қамтамасыз ететін агротехникалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу. Қант қызылшасы селекциясы үшін бастапқы материалды жасау.

Жетекшілері:

П. К. Ажигоев– 1949-1968гжж.
И.А. Абуғалиев – 1957-1965 жж.
Н.Ф. Костин – 1974-1981жж.
Ю.П. Ажигоев – 1981-1988 жж.
М.К Қожахметов.- 1988-1997 жж.
Бөлімнің жетекші ғалымдары:  Г.З.Бияшев, К.И.Набоких, Ш.Н.Илялетдинов ,  А.И.Бутенко, Н.А.Альдеков.

Негізгі жетістіктері

Қазақстанның қызылша себетін аймақтарына қолданылатын фабрикалық және ішінара аналық қызылша агротехникасының негізгі мәселелері жетілдірілді  және өндіріске  кеңінен енгізілді;

Республикамыздағы қызылшаға жарамды жерлердің мелиоративтік және фитосанитарлық жағдайларын, айрықша табиғи-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қант қызылшасын механикалық өсірудің қорүнемдеуші технологиясы әзірленді және өндіріске енгізуге ұсыныс жасалды;

Селекционерлер  И.А.Абугалиев, К.И.Набоких, Ш.Н. Илялетдинов, М.Х.Муратов және М.К.Кожахметов қант қылшасының екі буданы – Казахский полигибрид 24  және Казахский гибрид 5 шығарылды және мемлекеттік сортсынауға жіберілді.