Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
ТӘЛІМІ ЕГІНШІЛІК БӨЛІМІ -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

ТӘЛІМІ ЕГІНШІЛІК БӨЛІМІ


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

ТӘЛІМІ ЕГІНШІЛІК БӨЛІМІ

Тәлімі егіншілік бөлімі 1959 жылы агротехника бөлімі негізінде құрылған.

Мақсаты: Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық аймақтарында тәлімі және суарылмайтын жерлерді тиімді пайдалану.

Бөлім жетекшілері

В.И. Коваленко– 1969-1974 жж.;
В.В.Жигайлов -1974-1997 жж.;
А.Қ. Киреев – 1998 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін.

Бөлімнің жетекші ғалымдары: Е.М. Зенкова, А.В.Бальчугов, Б.К. Мукин.

Kireev_AКиреев Айтқалым Құсайынұлы, тәлімі егіншілік зертханасының меңгерушісі,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары 

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тәлімі және суармалы жерлерінде құрғақшылықпен және эрозиямен күреске бағытталған агротехникалық іс-шараларды әзірлеу, оларға мыналар жатады:

а) егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру, яғни әрбір табиғи аймақтың биоклиматтық потенциалын үнемді пайдалану мақсатында  танаптық ауыспалы егістіктердің түрлі  сұлбасын жасау;

б) бидай өнімі мен басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экологиялық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығын әртараптандыру;

в) энергия шығынының азаюын, топырақ ылғалдылығын сақтауды, өсірілетін дақылдардың өнімділігін және топырақтың құнарлығын арттыруды қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің топырақ-ылғал-қорүнемдеуші технологиясы.

Негізгі жетістіктері

  • Қоршаған ортаны қорғау мен құнарлылықтың ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін, суарылмайтын тәлімі егіншіліктің экологиялық теңдестірілген, аймақтық, микроаймақтық жүйелері әзірленді;
  • Қазақстанның түрлі аймақтарында егіншіліктің шөп танапты жүйесі жасалды;
  •  Қазақстандағы алқаптарды іріктеу мен тың  және тыңайған жерлерді үнемді пайдалану бойынша зерттеулер жүргізілді;
  • Суарылмайтын, тәлімі және суармалы жерлерде егіншіліктің аймақтық жүйелерінің негізгі буындары жасалды.

Зерттеулер нәтижесінде жеке сұрақтар бойынша және  кешендік түрде ұсыныстар шығарылды, оларға Қазақстанның 9 облысында ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі енді және бұл ұсыныстар егіншіліктің тұрақтылығын жоғарылатуда маңызды роль атқарды.

Бөліммен ұсынылатын қызметтер   

1. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру

Ауылшаруашылық дақылдарына топырақты өңдеуді минимализациялау

2. Консультациялар

Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы;

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС технологияларының артықшылықтары және оларды өсіру аймақтары;

Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық картасын жасау.

Халықаралық ынтымақтастық

  • 2001-2006 жылдары бөлім екі жоба бойынша Аридтік аймақтардағы ауылшаруашылық зерттеулер жөніндегі Халықаралық орталықпен (ИКАРДА) байланыс жасады:
  • Танаптық дақылдардың көптүрлілігі – Қазақстанның тәлімі егіншілігі жүйесінің бейімделу негізі (өсімдік шаруашылығын әртараптандыру);
  • Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тәлімі жерлерінде топырақты минималдық және нөлдік өңдеу.
  • 2005-2006 жылдары – тәлімі жерлерде күздік бидайды өсірудің ылғал үнемдеуші технологиясы бойынша Бидайды жақсарту жөніндегі Халықаралық орталықпен (СИММИТ) әріптестік орнатылды.

Бөлімнің байланыс мәліметтері

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ а., Ерлепесов к., 1. 
Тел. 8 (727) 3883925

Тәлімі егіншілік зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі Киреев Айтқалым Құсайынұлы
8 701 758-44-41

Тәлімі егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.к., доцент
Тыныбаев Нұрлан Қайырбекұлы
8 777 5870785

Тәлімі егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.к.
Жүсіпбеков Ербол Қапарұлы
8 701-748-07-62