Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
ЖҮГЕРІ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

ЖҮГЕРІ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

ЖҮГЕРІ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ

Жүгері селекциясы және тұқым шаруашылығы бөлімі институтта 1955 жылы ұйымдастырылды, ал 1959 жылдан бастап бөлімге Алматы Мемселекстанциясының жүгері селекциясы және тұқым шаруашылығы зертханасы қосылды. Республиканың әртүрлі аймақтарындағы 17 тәжірибе ұйымдарында жүгерінің будандары мен сорттарының кең жиынтығын зерттеу ұйымдастырылды.

Бөлім жетекшілері:

З.Л. Сосунова -1955–1979 жж.
Я.Л. Сейфулин -1979 -1993 жж.
М.С. Құдайбергенов -1993-1995жж.
Б.С. Сариев – 2008 – 2012 жж.
А.Ш. Омарова - 1995 -2008 жж., 2013ж. – қазіргі уақытқа дейін.

Бөлімнің жетекші ғалымдары:  Н.К.Потапова, Е.В.Писарева, Б.А.Алмаханов, В.М.Макаров, З.Т.Тұрсынова, Е.С.Мамбетов, Г.Л.Юмагулов, Б.Д. Молостова,  Л.Н.Малиновская.

Omarova_AЖүгері және құмай  бөлімінің меңгерушісі  Омарова  А.Ш., а.ш.ғ.к.

 

Бөлім құрамы

Бөлім құрамында 16 адам бар, соның ішінде, 3 кіші ғылыми қызметкер, 1 кеңесші және 11 зертханашы.

maize

Бөлімнің ғылыми қызметінің бағыттары 

Жүгері мен құмай жүгерінің гендік қорын жасау, толықтыру, зерттеу, сақтау, өздігінен тозаңданған тізбектерді шығару, бағалау және оларды будандардың түрлі типтерін жасау үшін пайдалану.

Республиканың солтүстігінде толық пісуге жететін құмай жүгерінің сорттары мен жүгерінің ультратез пісетін будандарын жасау бойынша тереңдетілген зерттеулер жүргізу.   Будандардың тез піскіштігі қатты суыққа және құрғақшылыққа төзімділігімен үйлесуі тиіс.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы үшін интенсивті типті, негізінен, орташа кеш пісетін топқа жататын, бірақ өнімділігі бойынша кеш пісетіндерден қалыспайтын, жүгерінің жоғары гетерозисті будандарын жасау қажет.

Негізгі жетістіктері

Бөліммен жүгерінің  45 буданы жасалды, соның ішінде ҚР селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік реестріне пісудің әртүрлі тобындағы және пайдалану бағытындағы  45 буданы енгізілді.

Құмай жүгері мен итқонақтың 18 сорты жасалды, олардың ішінде 5 құмай жүгері, 1 итқонақ, 2 құмай-судан буданы, 2 судан шөбі Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілді.

Селекциялық жетістіктерге 14 патент, сорттарға 1 алдын ала патент және 40 авторлық куәлік алынды.

Бөліммен ұсынылатын қызметтер 

Әртүрлі пісу топтарындағы (ерте пісетін, орташа ерте, орташа пісетін, орташа кеш пісетін, кеш пісетін) бірінші ұрпақ жүгерісінің ата-аналық формалары мен будандарының тұқымын өндіру және сату;

Қант құмай жүгерісі, жемдік дәнді, азықтық құмай жүгерінің тұқымын өндіру және сату, одан басқа шаруашылық субъектілердің тапсырысы бойынша судан шөбі мен итқонақтың тұқымы өндіріледі.

Бөлімнің халықаралық әріптестігі

  • СИММИТ-пен (Мексика), КВС-мен (Германия), БӨШҒЗИ-мен (Ресей), ӨЗӨШҒЗИ-мен (Өзбекстан) бастапқы материалдармен алмасу.
  • БӨШҒЗИ-мен серіктестіктің нәтижесінде г/п Дала Аруы 446П  жасалды, ол 2011 жылы ҚР-да пайдалануға жіберілді.
  • Жүгері будандарының селекциясы, тұқым шаруашылығы және экологиялық сынақ бойынша «Порумбень» өсімдік шаруашылығы институтымен (Молдова) 2011-2015 жж. ғылыми-техникалық әріптестік туралы шарт жасалды.
  • 2012-2015 жж. «Агроплазма» институтымен құмай жүгері дақылдарының селекциясы және экологиялық сынау бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

Бөлімнің байланыс мәліметтері

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1,  Жүгері және құмай  бөлімі.
Омарова Айман Шегенқызы –  Жүгері және құмай  бөлімінің меңгерушісі.
Телефон/факс: +7 (727) – 3883925, +7 (72771) – 53130,
Ұялы телефон: 8777 489 67 16 ; 8771 450 07 55; E-mail: old.kazniizr@mail.ru