Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
«Үшқоңыр» білім тарату орталығы -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

«Үшқоңыр» білім тарату орталығы


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

«ҮШҚОҢЫР» БІЛІМ ТАРАТУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРДІ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУ ОРТАЛЫҒЫ

2009 жылдан бастап оңтүстік-шығыс аймақтық Білім тарату орталығы және ғылыми жетістіктерді агроөнеркәсіп кешені саласында өндіріске енгізу бөлімі жұмыс істейді, ол Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

БТжҒЖӨЕО мақсаты -  ғылыми білімді таратудың жүйесін тиімді ұйымдастыру және ауылшаруашылық өндірісінің жеделдетіп ғылыми-техникалық дамуы үшін ғылыми әзірлемелерді енгізу.

Басшылық

KaltaevҚалтаев Сейіткәрім Қалтайұлы – «Үшқоңыр» БТО бөлімінің меңгерушісі   

 БТО және ҒЖӨЕ қызметінің негізгі бағыттары :

  • агроөнеркәсіп кешені саласында білім мен ғылыми жетістіктерді насихаттау және тарату;
  • АӨК саласы қызметкерлері, фермерлер, ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін семинарлар мен тренингтер өткізу;
  • ғылым, өндіріс ықпалдастығы бойынша методологиялық қамтамасыз ету және АӨК саласы  мамандарын дайындау;
  • ғылыми-тәжірибелік және консультациялық-білім беру  қызметтерін үйлестіру  және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу;
  • АӨК-ны дамыту мәселелері бойынша республикалық, аймақтық, халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
  • жаңа жабдықтарды, техниканы, технологияларды көрсету және АӨК саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді, әдістемелерді, технолоияларды таныстыру;
  • келешекте үздік сорттарды көбейту және оларды өндіріске енгізу мақсатында алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсету учаскелерінде дәнді, малазықтық, дәндібұршақ және жемдік дақылдардың жоғары өнімді және сапалы сорттарын егу;
  • Ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселесі бойынша ҚазЕжӨШҒЗИ-ның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз байланыс жасау;
  • Ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселесі бойынша  АӨК субъектілеріне ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету.

Қазіргі уақытта және келешекте білім тарату екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • АӨК субъектілерінің жетекшілері мен фермерлерге қазіргі технологияларды қолдану тәжірибесін  үйрету;
  • АӨК субъектілеріне технологиялық мәселелер жөнінде кеңес беру.

Білім беру әдістері: оқыту, тренингтер, теория, тәжірибе және көрсету.

1

2

3

БТжҒЖӨЕО  негізгі жетістіктері:  

Орталықта жұмыс 057 «Ақысыз негізде АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. 2009-2012 жылдарда Білім тарату және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу орталығында дәріс оқу үшін ҚР ҒЗМ және жоғарғы оқу орындарынан 587 жетекші ғалымдар шақырылды, олардың ішінде 8-і шетелдік сарапшылар. Қазақстанның түрлі аймақтарынан 1982 тыңдаушы дәріс алды.

ҚазЕжӨШҒЗИ ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізу

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғылыми әдістемелерді енгізу және төмендегі бағыттар бойынша ғылыми-консультациялық кеңес беру бойынша Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы шаруашылық субъектілерімен ықпалдастықты жүзеге асыруда:

Ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттары мен будандары (қазіргі кезде Қазақстанда және одан тыс елдерде 135 сорт пен будан өндіріске рұқсат етілген, оның ішінде 125 сорт Қазақстанда, сонымен бірге 25 – күздік бидай, қарабидай және тритикале, 22  – жаздық жұмсақ бидай, 7 – жаздық қатты бидай, 15 – жаздық арпа, 5 – сұлы, 30 – жүгері және құмай, 13 – дәндібұршақ, 1 – мақсары, 1 – рапс, 4 – қант қызылшасы буданы, 4 – күріш, 10 – жемдік, көпжылдық шөптер).

ауылшаруашылық дақылдарының түпнұсқалы және элиталы сорттарын өндіру және сату;

егіншіліктің адаптивті-ландшафты және биологизацияланған жүйелері;

ауылшаруашылық дақылдарын егу технологиясы (қорүнемдеуші, топырақ қорғаушы, жалдап себу);

өсімдік шаруашылығын  әртараптандыру;

танаптың топырақ, агрохимиялық картасын жасау және егістікті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар беру;

фитосанитарлық мониторинг және өсімдіктерді арамшөптер мен зиянкестерден қорғау.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологияларын жетілдіру, сонымен қатар  селекция мен тұқым шаруашылығы бойынша ҚазЕжӨШҒЗИ ғылыми жетістіктерін насихаттау мақсатында жыл сайын институт ғалымдарымен республикалық, облыстық, аудандық семинар-кеңестер, тренинг-курстар, Егінжай күндері, агроном-апробаторлардың курстары және т.б. ұйымдастырылады.

4

5

6

Байланыс мәліметтері

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлді ауылы,  ”Үшқоңыр” БТО.
Қалтаев Сейіткәрім Қалтайұлы
Телефон: 8-727-71-35-7-23;