Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
«Қаскелең агропaркі» сандық технологияны қалай жүзеге асыруда? -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

«Қаскелең агропaркі» сандық технологияны қалай жүзеге асыруда?


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

Елбасы ауыл шаруашылығы саласын сандық технологиға көшіруді Үкіметке тапсырған болатын. Бұл бағытта қолға алынған шаруалар да баршылық. Солардың алғашқы қанатқақты жобасының бірі – «Қаскелең агропаркі» ауыл шаруашылығы саласындағы 5 ғылыми-зерттеу институтын консорциумға біріктіру арқылы құрылған болатын.

Агропарк құрамына біріктірілген ауыл шаруашылығы саласындағы институт ғалымдары агропарктің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланып, ғылымды өндірісте тікелей жүзеге асыруда. Жыл басынан бері қолға алынған қанатты жобаның жүзеге асу барысын бақылау үшін өткен сенбіде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев іс-сапармен «Қаскелең агропаркіне» келіп, тәжірибелік алқаптардағы дәнді дақылдар мен майлы бұршақтардың  өнімділік   деңгейімен танысты. Бақылау шарасын тура егіс алқабының басында жүргізді. Өсіп тұрған дәнді дақылдар мен май бұршақтардың  өнім жинар  алдындағы  жағдайын көрсетіп баяндаған Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Серік Барманбекұлы сандық технологияның пайдасына төмендегіше тоқталды.

-         Цифрландырудың арқасында біз ауа-райын алдын ала болжап, соған орай  әр дақылға жеке-жеке технология дайындадық. Мысалы тұқымды қай кезде сепкен тиімді екенін жоспарладық. Одан кейін тыңайтқышты алқапқа тұтас шашпай, керек бөлігіне ғана септік.  Бұл істерді дақылдың өсу процесін бақылап тұрып, уағында және дер кезінде бердік. Срның арқасында шығынды екі есе азайтып, өнімді екі есе көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Серік Барманбекұлының айтуынша, сандық технология ауыл шаруашылығы саласын дәлдік пен нақтылыққа негіздейді екен. Сол арқылы материалдық шығын мен адам күшін екі есе азайтып, өнім өндіруді осынша арттыруға болатынын байқаған.

Ғалымдар мен дихандардың қол жеткізген жетістіктерін көрген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бұл агропаркке алғаш рет сәуір алдында келгенде ұжым алдына қандай мақсат қойғанын, оны олардың қалай орындағанын баяндады.

-         Мен көктемде келгенде маған егіс алқабындағы жағдайды көрсетіңіздер дедім. Мұнда келдік, бәрін өз көзіммен көріп, тәжірибелік шаруашылықты институттың басқаруына бердік. Нәтижені 500 гектарда емес, 2000 гектар алқапта көрсетіңіздер дедік. Ғалымдарымыз өз істерінің нәтижесін бүгін нақты көрсетті. Мен институт ғалымдарына ендігі жерде толық  сенем арта аламын. Енді сандық технологияның келесі кезеңдерін жүзеге асыруға тапсырма беріп отырмын.

Шара соңында Өмірзақ Шөкеев институт басшылығына жаңа сандық технологияны меңгерген жас мамандарды көбірек тартуды тапсырды. Сонымен қатар аға буын ғалымдардың  бай тәжірибесін де пайдалану қажеттігін айтты.

Суретте: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директоры Серік Барманбекұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевке өздерінің атқарып отырған жұмыстарын таныстыруда (1) Суретте: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директоры Серік Барманбекұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевке өздерінің атқарып отырған жұмыстарын таныстыруда (2)

Суретте: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
директоры Серік Барманбекұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевке өздерінің атқарып
отырған жұмыстарын таныстыруда.