Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
Қазақстан-Қытай шарты шеңберінде дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі семинар-кеңес -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Қазақстан-Қытай шарты шеңберінде дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі семинар-кеңес


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

17.03.2016 жылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Қазақстан-Қытай шарты шеңберінде дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі семинар-кеңес болып өтті.

Семинарға Қытай Халық Республикасы тарапынан Чанцзи облысының билік өкілдері, Қазақстаннан Алматы облысының Іле, Панфилов аудандарының басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен институт ғалымдары  қатысты.

Жиынды институт директоры С.Б.Кененбаев ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы сөз кезегін алған Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Бекішов Сексембай Төлеубайұлы өз баяндамасында Алматы облысының ауыл шаруашылығы: қазіргі жағдайы және даму болашағы туралы баяндады. Келесі кезекте ҚХР СУАР Чанцзи облысы әкімінің орынбасары Цзинь И Синь «Чанцзи облысының экономикалық-әлеуметтік жағдайы, қазіргі заманғы ауыл шаруашылық, тұқым өндіру шаруашылығының жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Одан кейін институт басшысы Серік Барменбекұлы семинар қонақтарын Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-мен таныстырып, Жиу Шэнь Хэ тұқым шаруашылығымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы айтып берді.

Қытай Жиу Шэнь Хэ тұқым шаруашылығымен бірлесіп біздің институттың базасында 2015 жылдың 25-желтоқсанында ғылыми-техникалық әріптестік аясындағы іс-шараларды талқылау мақсатында «Қазақстан-Қытай ғылыми-консалтинг кеңесі» құрылды. Осы мекемемен жасалған шарттың басты мақсаты бірлескен кәсіпорын құру және оны жүзеге асыруда Қытай тарапынан заманауй тұқым шаруашылығы зауытын Қазақстанда салуға қаржы бөлу жоспарланған. Аталмыш зауыт арқылы Алматы және басқа да облыстар жоғары сапалы жүгері, майбұршақ тұқымдарымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда институтта бірлескен кәсіпорын құру туралы маркетингтік зерттеулер жүргізу, тұқым шаруашылығы кәсіпорнын құру туралы қажетті құжаттарды сараптау және талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Осы тақырып бойынша семинар қатысушылары пікір алмасып, шаруа қожалықтарының жетекшілері бұл бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.

Семинар-кеңесСеминар-кеңесҚазақстан-Қытай ғылыми-консалтинг кеңесіҚазақстан-Қытай ғылыми-консалтинг кеңесі