Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
Халықаралық ғылыми конференция болып өтті -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Халықаралық ғылыми конференция болып өтті


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

2016 жылдың 27 мамырында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану және өсімдік шаруашылығын дамыту негізінде жем-шөп өндіру жүйесін қалыптастыру» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

Конференция жұмысы жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, мақсары, рапс, қыша дақылдарының сорттарын шығарған белгілі ғалым, малазықтық және майлы дақылдар селекционері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының академигі МЕЙІРМАН ҒАЛИОЛЛА ТӨЛЕНДІҰЛЫНЫҢ 70-жылдық мерейтойына арналған.

Конференцияға  Қазақстаннан және шет елдерден жемшөп өндірісі бойынша жетекші ғалымдар мен мамандар, мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін Қазақстан Республикасының тұрақты жемшөп базасын қалыптастыру мен оның жетістіктері туралы пікір алмасты.

Жемшөп өндіру өсімдік шаруашылығы, егіншілік, табиғатты үнемді пайдалану, агроэкожүйелер мен агроландшафтардың тұрақтылығын арттыру, құнды аулышаруашылық жайылымдарды сақтау және топырақ құнарлығын арттыру, аумақтар мен қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық жағдайын жақстару бойынша өзекті мәселелерді шешуге елеулі әсер етеді.

Конференцияда малазықтық дақылдардың гендік қоры, селекциясы және тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және қарқындату, жемшөп өндірісінің мәселелері ментабиғи жемдік алқаптарды жақсарту және пайдалану, топырақ, су қорлары, агроэкология мәселелері және жемшөп өндірудің экономикалық негіздері бойынша ғылыми жетістіктер, мәселелер мен міндеттер баяндалды.

Бұл ғылыми форумның басты нәтижесі – резолюция қабылдау және халықаралық ғылыми әріптестік шеңберінде бірқатар келісімдер мен шарттар жасау, аграрлық ғылымның өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру.

Конференцияға қатысушылар жетекші ғалымдардың біргуі мен жаңа интеграциялық жағдайларда АӨК-нің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану мал шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасының аграрлық нарығының тұрақты, бәсекеге қабілетті,  динамикалық дамуының негізгі факторына айналады деп сенеді.

1 2 3 4 5