Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
Суармалы егіншілікті тұрақты дамыту -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Суармалы егіншілікті тұрақты дамыту


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

ауданымызда өткен семинар осы тақырыпта өрбіді

Әлихан Нұралиев, (сурет автордікі), “Меркі тынысы”.

Жуырда ауданымызда ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған «ҚР-ның «Жасыл экономикаға» өту контекстінде суармалы егіншілікті тұрақты дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша «Жамбыл облысында суармалы жерлердің өнімділігін арттыратын инновациялық технологиялар» атты дала семинары болып өтті.

Семинар жұмысына аталмыш институттың бас директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА және МАҒА академигі Кененбаев Серік Барменбекұлы, институттың суармалы егіншілік бөлімінің меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Оспанбаев Жұмағали Оспанбайұлы, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Калашников Александр Афанасьевич, Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бас директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Рзалиев Асқар Сапашұлы, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Жамбыл облыстық филиалының директоры Ерлан Қүлкеев, аудан әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Өмірбеков Мейірхан Азатұлы мен «Нұржан» шаруа қожалығының мүшесі Иманалиев Қамбар Иманалыұлы, сондай-ақ, ауданымыздың егіншілік, бау-бақша секторында еңбек етуші ұжым жетекшілері, кәсіпкерлер қатысты.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен семинардың теориялық бөлімін өз кіріспе сөзімен ашқан Мейірхан Азатұлы «Ауданымыздағы суармалы егіншіліктің келешегі» атты баяндамасында соңғы жылдары өз ауданымызда да байқалып жүрген су тапшылығы проблемасын еңсеру үшін заманауи озық тәсіл – тамшылатып суару жүйесіне көшу уақыт талабы екеніне баса назар аударып өтті.

Теориялық бөлімнің пленарлық баяндама уақытында сөз алған Серік Барменбекұлы су тапшылығы мен климаттың өзгеруі сияқты факторлар  әлемде азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіретініне назар аударып:

– Біздің институттың ғалымдары «ҚР-ның «Жасыл экономикаға» өту контекстінде суармалы егіншілікті тұрақты дамыту» ғылыми бағдарламасы аясында 2015 жылы кәсіпкер Жарқынай Иманалиеваның «Нұржан» шаруа қожалығында қант қызылшасы, қытай бұршақ, қарақұмық, майлы зығыр, рапс, асбұршақ, қыша, жүгерінің тез пісетін сұрыптары сияқты дақылдарды тамшылатып суару бойынша танаптық тәжірибелер қойған болатын. Қожалықтың жер алқабы тау етегінде болғандықтан тау өзенінің гидроэнергетикасын пайдалану негізінде тамшылатып суарудың баламасыз жаңа жүйесі сыналуда. Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясына арналған Оңтүстік Қазақстанның топырақ- климаттық ерекшеліктеріне бейімделген топырақ өңдейтін, тамшылату жүйесінің лентасын тартатын, тұқым себетін жаңа агрегаттар жасап, олардың тәжірибелік үлгілерін де сынақтан өткізді. Біздің ғалымдар тамшылатып суару арқылы жылына екі мәрте өнім алудың тиімді технологиясымен де айналысуда. Осы орайда «Нұржан» шаруа қожалығындағы біздің сынақ алаңымызда арпа өсіріліп, жиналған соң ғана аталған дақылдарды еккенбіз. Осылайша тау етегіндегі кіші өзендердің гидроэнергетикасын пайдалану және жылына екі рет өнім алу технологиясы негізінде Жамбыл облысында суармалы жерлердің өнімділігін арттырудың инновациялық технологияларын әзірлеудеміз, – деп бірлесе еңбек етуде ұйымшылдық пен іскерлік танытқан аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбековке өз алғысын жеткізді.

Пленарлық баяндама кезінде сөз алған Ж.Оспанбаев «Суармалы егіншіліктегі инновациялық технологиялар», ал, А.Калашников «Ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға арналған жаңа су үнемдейтін құрал-жабдықтар мен технологиялар» жөнінде әңгіме өрбітсе, А.Рзалиев «Ауыл шаруашылық дақылдарын суармалы жерлерде өсіруге арналған келешегі зор техникалық құрал-жабдықтар» тақырыбында диқан шаруаларға аса қажет  баяндамаларын слайд арқылы көрсетілген арнайы фото, кестелермен толықтырып, көпшілікке түсінікті түрде ұсынып отырды.

Семинардың келесі көрсету бөлімі жоғарыда аталған «Нұржан» шаруа қожалығындағы арнайы далалық тәжірибе участкесінде жалғасты. Қазақстанның, әсіресе, Оңтүстік және Оңтүстік шығысында тамшылатып суаруды кең көлемде қолдануды тежейтін негізгі факторлар – сорғы (насос) станциясы мен тазалау қондырғыларын құру және пайдалану, сонымен қатар, оларға электр желілерін жеткізудің қымбаттығы екендігі анықталған. Міне, тек осыларға ғана барлық шығынның шамамен 60 пайызы жұмсалады екен. Ал, «Нұржан» шаруа қожалығында таудан құлаған өзен суының өз гидроэнергетикалық қуаты 1,5 атмосфералық қысымға жетуі арқылы-ақ қаржы үнемделмек.

Сонымен, арпадан соң себілген 0,5 га қызылша алқабы жайқалып тұр, соя пісіп, жетілген. Сол сияқты қарақұмық, майлы зығыр, асбұршақ, рапс, қышалар да көздің жауын алады. Егер осы дақылдардың бәрі шілде айының 20-нан кейін біраз кешеуілдеп себілгенін ескерсек, бұл жоғары нәтиже екеніне таңданбасқа болмайды. Оңтүстікте әлі күн жылы, яғни, аталған дақылдар толық пісіп жетілуіне уақыт та жеткілікті. Маман ғалымдар әлі де тәжірибелерін жалғастырып, қайсы дақыл мол өнім берсе, сол дақылды келер жылдары молынан егіп, көбейтуді мақсат етуде екен.

Қорыта айтсақ, ауыл шаруашылығын жетілдіру, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға байланысты тұрақты даму – Елбасы Н.Назарбаевтың басты Стратегиясы. Сондықтан тұрақты дамуға көшу біздің еліміз үшін шынайы қажеттілік және ұлттық идеяның негізі болып табылады.

Merki