Notice: wp_enqueue_script was called incorrectly. Scripts and styles should not be registered or enqueued until the wp_enqueue_scripts, admin_enqueue_scripts, or login_enqueue_scripts hooks. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.3.) in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/functions.php on line 3177

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method MslsPlugin::init_widget() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 52
Қытай Халықаралық инвестициялық компаниясы біздің институтта -
Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::enqueue_styles() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::register_scripts() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Strict Standards: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, non-static method easyFancyBox::main_script() should not be called statically in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-includes/plugin.php on line 429

Қытай Халықаралық инвестициялық компаниясы біздің институтта


Strict Standards: Accessing static property MslsRegistry::$arr as non static in /var/www/vhosts/inweb.kz/old.kazniizr.kz/wp-content/plugins/multisite-language-switcher/includes/MslsRegistry.php on line 42

2016 жылдың 7 сәуірінде Қытай Халықаралық мүлік басқару бойынша инвестициялық СИТИК-Агро компаниясының президенті Мао Шан Щынь бастаған делегация Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болды. CITIC (China International Trust and Investment Corporation) немесе Қытай Халықаралық мүлік басқару бойынша инвестициялық компаниясы – Қытайдағы үлкен мемлекеттік инвестициялық компаниялардың бірі. Қазіргі уақытта CITIC Group құрамына 44 еншілес компаниялар кіреді, олардың ішінде банк, инвестициялық, сенімгерлік және сауда-саттық компаниялар бар, солардың бірі – СИТИК-Агро. Келу мақсаты – Қазақстанның аграрлық саласымен танысу, білім және тәжірибе алмасу, Қазақстан мен Қытайдағы  маңызды мәселелерді талқылау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен аграрлық ғылымды дамыту бойынша халықаралық байланыстар орнату.

Институттың бас директоры С.Б.Кененбаев Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетістіктері мен болашағы туралы баяндама жасап, делегация мүшелеріне  екі елдің игілігі үшін ғылыми байланыстар мен жетістіктерді нығайту, одан әрі ынтымақтастық үшін күш-жігерді жұмылдыру жолында жемісті жұмыс тіледі. Баяндамашы өз сөзінде бұл жиын аграрлық ғылым мен агро-өнеркәсіп кешенінің бірігуіне, негізгі мәселелерді талқылауға және ауыл шаруашылығы өндірісінің білім мен озық технологияларды алмасу, ғалымдар мен фермерлер арасында халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты күшейтуге арналған алаң болатынын атап көрсетті.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарт жасасуға уағдаласты.

СИТИК-Агро_1СИТИК-Агро_2СИТИК-Агро_3СИТИК-Агро_4СИТИК-Агро_5